Тимур Құлыбаевқа 14 млрд теңге айыппұл салынды

«Каспий нефть» компаниясының 100% акциясы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

Тамыз 5, 2024 - 15:48
Тамыз 5, 2024 - 15:49
Тимур Құлыбаевқа 14 млрд теңге айыппұл салынды

Атырау облысында Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Каспий нефть» акционерлік қоғамына 14 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды.

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау облыстық сотының сот алқасының 2024 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен «Каспий нефть» АҚ ӘҚБтК-нің 328-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 13 684 868 730 теңге айыппұл салынды. Прокуратураның принципті ұстанымы нәтижесінде әкімшілік айыппұл бюджетке өндіріліп, мемлекетіміздің Ұлттық қоры 13 684 868 730 теңгеге толықтырылды» делінген хабарламада.
«Каспий нефть» АҚ-да 2021-2022 жылдары кен орнын бұрғылау және пайдалану кезінде пайда болған 4500 тоннадан астам қауіпті қалдықтардың жинақталуына шектеу қойылмағаны анықталды.

«Каспий нефть» компаниясының 100% акциясы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Joint Resources» АҚ-ға тән.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow