«Орамалды қыз періштені неге өлтірдің?»: заңгер 3 жасар Асылымның өліміне қатысты тың дерек айтты

Оранған орамалдағы қыз, неге періштелерді өлтіруге құмар болды?

Тамыз 19, 2024 - 21:11
Тамыз 19, 2024 - 21:12
«Орамалды қыз періштені неге өлтірдің?»: заңгер 3 жасар Асылымның өліміне қатысты тың дерек айтты
Фото: коллаж inbusiness.kz

Заңгер Айгүл Орынбек Сарыағаштағы дәретханадан өлі табылған 3 жасар бүлдіршінің өлімі туралы пікірі қалдырды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

"Оранған орамалдағы қыз, неге періштелерді  өлтіруге құмар болды?

Сарыағаштағы дәретханадан табылған қыз өлтірілген екен. 

Біздің сараптамашылардың білімсіздігі, “ қыз өз өлімімен өлген” деген қортынды берген еді.

Алайда жақында тағы бір қызды өлтірмекші болған жерінен, орамалдағы қыз  тұтқынға алынды. Ол тағы бір бес жасар қызды өлтірмекші болған екен.

Сарығаштағы алдыңғы “көршісі зорлады  деген бес жасар қыздың өлімін де,  қайта тергеуді талап етемін",- деді заңгер Айгүл Орынбек.

Оның айтуынша, себебі ол қыздың да өлімі күдік тудырады. 

"Біздегі тергеу амалдары тиісті дәрежеде тергелмейтіні осы істер  дәлелдейді! 

Яғни біздің елдің криминалистері, эксперт сарапшылары білімсіз!

Халық шулап кетті екен деп бір адамды ұрып соғып қамай салуға болмайды. Ол қанды қол қылмыскер өз қылмысын доғармайды. Жазасыз қалатынын білген маньяк,  өз қылмысын арқарай жасай береді. 

Ал халыққа айтарым, бұндай істерде шын қылмыскер қамалсын десеңіздер, өтірік жалған ақпаратты естіп алып атойлай бермей, тергеу амалдарының шынайы ашылуын күтіңіздер!

Мен бұл қызды жынды деп қамауға қарсымын, саған кімдер тапсырма берді?, деп жақсылап тергеуді  талап етемін",- деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow