Теміртаудағы жарылыс: бір адамның денесі табылды (ВИДЕО)
Екінші адам ауруханаға жеткізілді.
Теміртауда құлаған дүкеннің қирандылары арасынан әйелдің денесі шығарылды.
«Сағат 9:49-да үйінді астынан әйелдің денесі шығарылды. Болжам бойынша, әйел 1973 жылы туған. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін анықтады», - деп хабарлады құтқару қызметі.
Үйінді астынан шығарылған бірінші зардап шегуші қазір ауруханада есін жиды.
Бұған дейін Теміртау қаласында 2 қабатты дүкенде газ жарылғанын жазған едік.
Сіздің реакцияңыз қандай?