Алматыда жас жігітті соққыға жыққандар ұсталды

Сонымен қатар ұрып-соғу сәтін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сәуір 4, 2024 - 09:39
Сәуір 4, 2024 - 09:42
Алматыда жас жігітті соққыға жыққандар ұсталды

Алматыда жігітті соққыға жыққан күдікті ұсталды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Кеше кешксін желіде жас жеткіншекті тепкілеп жатқан видео тарған еді. Ұзамай әлеуметтік желіні шулатып, халықтың ызасын туғызған видеодағы бұзақылар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілгені туралы ақпарат тарады. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow