Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Сәуір 21, 2024 - 10:31
Сәуір 21, 2024 - 10:32
Оралда Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті
Фото: gov.kz

Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 852 сантиметрге жетті, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалы 21 сәуір таңғы сағат 08.00-дегі ахуал бойынша мәлім етті. Өзен деңгейі облыс орталығындағы гидробекетте бір тәулікте 24 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шектен (850 см) асып кетті.

Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында 902 (+3, қауіпті шегі – 1 250 см), Көшімде 833 (+29, 850 см), Тайпақта 514 (+10) сантиметрді көрсетті.

Сондай-ақ Көшім каналындағы су деңгейі 824 сантиметрге (+11, қауіпті шегі – 800 см) жетті.

Шаған өзені деңгейі Чувашин ауылында 731 (+18, қауіпті шегі – 1 300 см) сантиметр болды.

Бәйтерек ауданы Рубежка өзені деңгейі 946 см (+3) болып, қауіпті шекке (1 мың см) жақындады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow