Тасмағамбетов пен депутаттар барған ең қымбат тойда үш бөлмелі пәтер ойнатылды (ВИДЕО)

Үш бөлмелі пәтерді Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алған.

Мамыр 28, 2024 - 11:47
Мамыр 28, 2024 - 12:11
Тасмағамбетов пен депутаттар барған ең қымбат тойда үш бөлмелі пәтер ойнатылды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде пәтер мен көлікті ұтысқа ойнатқан ең қымбат тойдың видеосы тарады.

Желіде тараған видео мәтініне көз жүгіртсек, Мақсат есімді азаматқа той қонақтары ақ тілектерін жаудыртуда.

Аталмыш тойға Иманғали Тасмағамбетов, Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов та келген. 

Арнайы лоторея ойнатқан. Басты сыйлық Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер болған. Сондай-ақ, электрокөлік, Samsung телефондары, 10 IPhone мен Дубай мен Италияға жолдамалар ойнатылды.

Кейбір дерек көздері үш бөлмелі пәтерді Мұқасан Шахзадаевтың әйелі ұтып алғанын жазып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow