Тараз әкімдігі Елдос Сметовтың үйінің алдына жаңа асфальт төседі (ВИДЕО)

Чемпионның үйінің алдына жол салушылар асфальтті аямай төсеген.

Тамыз 5, 2024 - 09:40
Тамыз 5, 2024 - 09:44
Тараз әкімдігі Елдос Сметовтың үйінің алдына жаңа асфальт төседі (ВИДЕО)
Фото: Olympic.kz

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов 5 тамызда Қазақстанға оралып, Тараздағы өз үйіне барады.

Ал, жергілікті әкімдік даңқты спортшыны күтіп алуға білек сыбана кірісіп кеткен секілді.

Әлеуметтік желіде Елдос тұратын көшеге жаңа асфальт төселгені түсірілген видеоролик тарады. Видео авторы – жергілікті журналист Исламбек Дастан.

Аталған видеороликте кадр сыртындағы дауыс бұл көшеде Елдос Сметовтің тұратыны және оның келуіне орай жаңа жол төселгенін айтады. Ал, чемпионның үйінің алдына жол салушылар асфальтті аямай құйғаны көрініп тұр.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов 60 кг салмақ дәрежесінде күресіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 1bol.kz (@b1rinshibol)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow