Танысын балталап өлтірген павлодарлық жазадан құтылып кетті

Тамыз 7, 2024 - 12:39
Тамыз 7, 2024 - 12:40
Танысын балталап өлтірген павлодарлық жазадан құтылып кетті
Фото: Pixabay.com

6 тамызда Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Кісі өлтіру оқиғасы 2024 жылдың наурыз айында болған. 

"2024 жылы 29 наурызда Д., Павлодар қаласы, М.Жүсіп көшесіндегі жеке тұрғын үйінің ауласында, өз іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін ойламай, Д.К.-ның басынан балтамен бірнеше рет соққы жасаған. Салдарынан Д.К., оқиға орнында көз жұмды", – деді сот. 

Кісі өлтірген күдікті психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес есі дұрыс емес деп танылды.

Жауапкер қоғамға қауiптi іс-әрекеттi жасаған уақытта есi дұрыс емес күйде болған. Оның созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, ақыл-есінің кемдігі бар деп танылды. Осының салдарынан ол өзінің әрекеттерiнiң iс жүзiндегi сипаты мен қоғамға қауiптiлiгiн ұғына алмаған немесе өз әрекетіне ие бола алмаған. Сол себепті қылмыскер Қылмыстық кодекстің 16-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 

"Сот істің барлық мән-жайын зерттеп, Д.-ны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатты. Оған Алматы облысы Талғар кентіндегі жабық психиатриялық стационарлық ауруханада медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары қолданылады", – делінген хабарламада. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow