Антикор Таразда колледж директорын қамауға алды

Ол 6 жыл бойы облыстық білім басқармасын басқарған.

Қыркүйек 5, 2024 - 09:29
Қыркүйек 5, 2024 - 09:36
Антикор Таразда колледж директорын қамауға алды
Фото: instagram.com/dussenbek.abdraimov

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің директоры Дүйсенбек Әбдірайымов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бұл туралы Sadaqmedia.kz ақпарат агенттігі Orda.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Колледж директорының нақты қанша сомада пара алғаны белгісіз. Алайда Дүйсенбек Әбдірайымовтың грант орындарын салып, ақша алғаны мәлім болды.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің басшысы Дүйсенбек Әбдірайымов 63 жаста.

Ол 6 жыл бойы облыстық білім басқармасын басқарды. Жамбыл политехникалық колледжінің басшылығына екі рет тағайындалды.

1998-2004 жыл аралығында Әбдрайымовтар әулеті екі жатақхана ғимаратын жекешелендірді. Осылайша колледж директорының екі қызы колледж ашты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow