Танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті
Оның артында үш баласы қалды.
Танымал ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өтті, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.
Бұл туралы ақынның әлеуметтік желідегі парақшасында балалары жариялады.
«Анашым Раббысына қайтты. Дұғада болыңыздар. Артында дұға арнайтын үлкені - Ханшайым, Толғанай, кенжесі - Сұңқар. Жақсы көретін, дұға арнайтын қазақ елі, анама деген махаббаттарыңызға рақмет», - деп жазды олар.
Осыған дейін ақынның ауырып, ауыр халде жүргенін әнші Алтынай Жорабаева жазған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?