Талдықорғанда екі қонақүйге бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

Бұған дейін Астанадағы мектеп пен сауда орталығында теракт жасалатыны туралы ақпарат тараған еді.

Сәуір 29, 2024 - 09:49
Сәуір 29, 2024 - 09:50
Талдықорғанда екі қонақүйге бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

Талдықорғанда жексенбі күні кешке қонақүйдегі бомба туралы ақпарат түсіп, дереу дабыл бойынша полиция құрамы көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияға белгісіз біреу хабарласып, “Колизей” және “Парк Хаус” қонақүйінде бомба қойылғаны туралы айтқан. Келіп түскен хабардан кейін қонақүйлер орналасқан мекен жайға дереу потрульдік автокөліктер мен жедел жәрдем жіберілді. 

Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады.

Жетісу облыстық полиция департаменті болған жағдайға қатысты пікірі білдірді. 

“Сағат 18:35 шамасында Талдықорған полициясының жедел басқару орталығына облыс орталығындағы екі қонақүйге жарылғыш зат қойылғаны туралы жасырын қоңыраулар түскенін хабарлаймыз. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Ешқандай күдікті заттар табылмады. Облыстық полицейлер көрінеу жалған хабарламалар үшін заңда көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Астанадағы мектеп пен сауда орталығында теракт жасалатыны туралы ақпарат тараған еді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кертаев Айдос (@krisp.tdk)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow