«Артында ФСБ тұр»: мектептер «Күнделік» жүйесінен бас тарта бастады
Бұған дейін депутат Ермұрат Бапи «Күнделік» арқылы ФСБ барлық деректерімізді алақандағыдай көріп отыр деп мәлімдеген еді.
Қазақстанның мектептері «Күнделік» жүйесінен бас тарта бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Атап айтқанда, Қостанайдың мектептерінде жүйенің күші жойылған. Мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына таныс «Күнделік» жүйесі енді жұмыс істемейтінін жергілікті басылымға Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының баспасөз қызметі растаған.
Облыстық ведомство Қазақстан президентінің «барлық оқушылардың сапалы оқыту контенті бар озық цифрлық платформаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету» тапсырмасын іске асыру мақсатында 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап облыстың барлық жалпы білім беру ұйымдарында «BilimClass» электрондық журнал және күнделік модулі енгізіліп жатыр.
– Осыған байланысты Қостанай облысының білім басқармасы мен "Bilim Land" ЖШС арасында осы жылдың шілде айында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. "BilimClass"-ке ауысқан кезде барлық білім беру ұйымдарына мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары үшін тегін цифрлық ресурстар беріледі. Аудандық және облыстық деңгейде мектептер, сыныптар мен пәндер бойынша білім сапасына мониторинг жүргізу мүмкіндігі бар. Күнделік жүйесінен шығарылған соң, BilimClass-қа деректерді автоматты түрде жүктегеннен кейін құжаттарды қоймада тегін сақтау мүмкіндігі беріледі, - деп атап өтеді облыстың білім басқармасы.
Сондай-ақ, Bilimcenter.kz модулі қолжетімді боалды. Бұл модуль – осы бағыт бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту кезінде мониторингі мен сертификаттауы бар PISA, TIMSS, PIRLS, МОДО халықаралық зерттеулеріне дайындық кезінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға және бағалауға арналған цифрлық портал. Басқарма платформа жарнамасыз жұмыс істейтінін хабарлайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Ермұрат Бапи «Күнделік» арқылы ФСБ барлық деректерімізді алақандағыдай көріп отыр деп мәлімдеген еді. Бапи Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға, Бас прокрурор Берік Асыловқа. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбевқа, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиевке сауал жолдады. Ол «Күнделік» жүйесі елдің ақпараттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп тұрғанын ашық айтқан.
Сіздің реакцияңыз қандай?