Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті: екеуі де қаза тапты

Екеуіде оқиға орнында көз жұмды.

Шілде 1, 2024 - 09:05
Шілде 1, 2024 - 08:53
Алматыда мопед жүргізушісі әйелді қағып кетті: екеуі де қаза тапты
Фото: polisia.kz

Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан екеуі де қаза тапты. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 маусымға қараған түні сағат 02:50-де қаланың Наурызбай ауданында болды.

«Мопед жүргізушісі, 2002 жылы туған жас жігіт Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, 25-30 жастар шамасындағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Әйелдің кім екені анықталып жатыр. Апат салдарынан мопед жүргізушісі де, жаяу жүргінші де оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow