Су тасқыны: Абай облысында 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Наурыз 28, 2024 - 09:13
Су тасқыны: Абай облысында 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті

Абай облысындағы су басқан аймақтарда үш ер адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Аягөз ауданында із-түзсіз жоғалғандарды іздеп жатыр.

"Аягөз өзенінен өтіп бара жатып, аттан құлап, суға кеткен 1977 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Жоғалған ер адамның өзі жұмыс істейтін шаруа қожалығына бара жатқаны анықталды”, – делінген департамент хабарламасында. 

26 наурызда Аягөз ауданында 66 және 38 жастағы екі адам "МТЗ 82" маркалы трактормен Борлы өзенінен өту кезінде жоғалып кеткен. Олар "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай жолға шыққан.

"Ер адамдар жолды қысқарту үшін өзен арқылы өтпек болды. Алайда өзен ортасында тұрып қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды таппады", – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow