Су тасқыны: Жолды жапқан Қоянды тұрғындарына айыппұл салынды

Қоянды ауылының халқы 26 наурыз күні кешке қарай су тасқыны қаупіне байланысты жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Ашуға берілген жұрт Қоянды ауылына кіреберістегі жолды жауып тастаған.

Наурыз 28, 2024 - 16:29
Наурыз 28, 2024 - 16:30
Су тасқыны: Жолды жапқан Қоянды тұрғындарына айыппұл салынды

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында су тасқыны кезінде биліктің көмектесуін талап етіп, жолды жапқандарға айыппұл салынды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы Ақмола облысы Целиноград аудандық соты хабарлады. Сот ауылдың алты адамын "заңсыз митинг ұйымдастырды" және "заңсыз митингіге қатысты" деп айыптап (488-бап), 30-50 АЕК көлемінде айыппұл салған. Соттың мәліметінше, ауыл тұрғындары митинг өткіземіз деп әкімдікке ескерту бермеген.

Ақпаратқа қарағанда, сот Ерік Бралинге – 50 АЕК, Жұмабек Мұса мен Асқар Қарарға әрқайсысына 30 АЕК көлемінде айыппұл салған. Сот құжаттарында жауапкерлердің бірі Асқар Қарар 26 наурызда сағат кешкі 7-лер шамасында Қоянды ауылының маңында орналасқан Астана-Павлодар тас жолында "заңсыз шеруге қатысқаны" жазылған.

Астана маңындағы осы ауылдың халқы 26 наурыз күні кешке қарай су тасқыны қаупіне байланысты жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды талап етіп, наразылыққа шыққан болатын. Ашуға берілген жұрт Қоянды ауылына кіреберістегі жолды жауып тастаған болатын. Шенеуніктермен, прокуратурамен, полицейлермен әңгіме шуға ұласып іс насырға шаба бастаған соң ауылға арнайы жасақ барып, наразы жұртты таратқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow