Су тасқыны: Атырау облысында шұғыл түрде қосымша қорғаныс бөгеті салынып жатыр
Атырау облысының Индербор ауылында қосымша қорғаныс бөгетін салу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін жергілікті бақылау бекеті үйінді құрылыс учаскелерінің бірінде судың келуін тіркеген.
Авариялық-құтқару жұмыстары ТЖ Министрі Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімі Серік Шапкеновтың үйлестіруімен жүргізілуде. Жұмыстарға құтқарушылар топтары, ТЖМ әскери қызметшілері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылған.
Сіздің реакцияңыз қандай?