«Кіші жүз — транс-жүз»: Алматыдағы лесбиан құрылтайының арты шуға ұласты
"Кіші жүз — транс-жүз", "Шымкент – транс столица" деген сөздер отқа май құйғандай болған
Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаеваның басшылығымен өткен ЛГБТ қозғалысының қарсыластары мен «Лесбиан құрылтайын» ұйымдастырушылардың арасында шу шықты, – деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
ЛГБТ-ға қарсы бір топ қоғам белсенділерінің ашуына олардың ұраны тиген. Әсіресе: "Кіші жүз — транс-жүз", "Шымкент – транс столица" деген сөздер отқа май құйғандай болған.
Олардың айтуынша, аталмыш ұрандар біздің ұлттық құндылықтарымызға қайшы. Сондай-ақ іс-шара атауында «құрылтай» сөзін қолданғанның өзі дұрыс еместігін айтты.
Кейіннен “Феминита” ұйымының мүшелері Бағила Балтабаеваның үстінен арыз түсірген. Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін "Феминита" ұйымы Алматыда 7-10 қазан күні "Лесбиан құрылтай" өткізетінін хабарлаған еді.
Алайда жалдаған жерлері әкімдіктің қысымынан кейін оларға бас тартып жатқанын мәлімдеген.
Сіздің реакцияңыз қандай?