«Өзіңнің тілеп алған шапалағың»: «Меломен» тобының әншісі әйеліне қол көтергенін растады

Тамыз 9, 2024 - 11:38
Тамыз 9, 2024 - 11:39
«Өзіңнің тілеп алған шапалағың»: «Меломен» тобының әншісі әйеліне қол көтергенін растады

«Меломен» тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген әлеуметтік желідегі парақшасында әншінің ұрғанын мойындаған аудиожазбасын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тағы оқыңыз: «5 жыл бойы таяқ жедім»: «Меломен» тобындағы Ғабит Бибасыұлының әйелі бар шындықты жайып салды

Жазбада бұрынғы әйелін ұрғанын мойындаған әншінің аудиожазбасы анық көрсетілген.

Тағы оқыңыз: «Ұрды да, мешітке кіріп кетті»: Меломен әншісінің әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын жариялады

«Иә, ұрғаным рас. Мен сені жұдырықпен ұрған жоқпын. Қолым ауыр, 5-6 рет шапалақпен ұрдым. Барлығы өзіңнің тілеп алған шапалағың. Мұрныңның сынғаны да бір-ақ соққы. Аузыңды тыймағандықтан болды», – деп жауап берген әнші. 

Еске салайық, өнер иесінің экс әйелі бұрынғы күйеуінің екі жылдың ішінде бірінші рет алимент төлегенін айтқан еді. Блогер келіншектің жазбасынан кейін, әнші жеке парақшасының сторис бөліміне ойландыратын жазба қалдырды. 

«Ұятсыз әйел – тұзсыз ас секілді». Жақсы мақал екен», – деп жазған еді Ғабит Бибасыұлы. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow