«Сіздер үшін ақ шалбар құрбан»: Қайрат Нұртас оқырмандары алдында ақталды

Әншінің кезекті жазбасы қызу талқыланып жатыр.

Мамыр 23, 2024 - 17:32
Мамыр 23, 2024 - 17:33
«Сіздер үшін ақ шалбар құрбан»: Қайрат Нұртас оқырмандары алдында ақталды

Әнші Қайрат Нұртас Қазақстанның көрікті мекендерінің біріне барып, жаңа роликке түскен. Бейнежазбада гүл теріп жүрген әнші оқырмандарының алдында ақталды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz.

Әнші далада теріп жүрген гүлі ерекше қорғалатын қызғалдақ гүлі емес, шабындықтағы мак гүлі екенін айтып, оқырмандарына ескерту жасады.

«Қазақстанымыздың табиғаты керемет қой, шіркін! Жұлынған гүл қызғалдақ емес, шабындықта өсетін кәдімгі мак гүлі. Уайымдамаңыздар. Сіздерге әдемі табиғатты көрсету үшін ақ шалбар мен жаңа аяқ киімді құрбан еттік», - деп жазған әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында «Қызыл кітапқа» енген ерекше қорғаудағы қызғалдақтарды жұлғандар заңмен жазаланады. Осы облыста қызғалдықты жұлып, суретке түскен қыз жауапқа тартылған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow