«Қан төгіс болмасын»: Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің әкесі халықты сабырға шақырды
16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов қазақстандықтарға үндеу жасап, арандатушылыққа берілмей, сабыр сақтауға шақырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Талғарда болған өрт оқиғасы елді дүр сілкіндірген еді. Нұрымов бұл мәселені заң аясында шешетінін айтып, елді сабырға шақырды.
«Жігіттер, мен өзім үшін қорықпаймын. Қай жерде де, кім келіп жатса да өзім сөйлесе аламын. Сол үшін тыныш елді дүрліктіріп біреудің обалына қалмайық. Жоғарыдағыларға да айтатыным осы. Қан төгіс болғанын қаламаймын. Құзырлы органдар заң аясында шешеді деп үміттенемін. Қай кезде болса да әділетті Қазақстан болатынына сенемін», — деді марқұмның әкесі.
Бұл уақытта Қазақстанның Бас Прокуроры оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобын құруға тапсырма берді. Алматы облысының әкімдігі Нұрымовтар отбасының өртенген үйін қалпына келтіру және уақытша баспана беру міндетін өз мойнына алды. Қазір олардың отбасын тәулік бойы күзетіп жатыр.
Еске сала кетейік, бүгін түнде өрт шығып, 16 жастағы Шерзаттың отбасының үйі толығымен жанып кетті.
Сіздің реакцияңыз қандай?