Астана соты Назарбаевты бар байлығынан айырудан бас тартты
Астана қалалық соты Назарбаевты бар мүлкінен айыру туралы арызды қабылдаудан бас тартты, деп жазады Nege.kz.
Бірінші және екінші инстанция соттары «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заңның 36-бабына сүйеніп, бұл талаптан бас тартты. Назарбаев тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана жауапқа тартылуы мүмкін. Ол президенттік өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жазаланбайды.
«Назарбаев экс-президент болған соң жеке мүлкіне қол сұғылмайды. Экс-президент тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сондықтан сот экс-президенттің жеке мүлкін тәркілеу туралы талап-арызды қабылдаудан бас тартты», — деді сот.
Еске сала кетейік, Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұлов елдің бұрынғы президентін сотқа беріп, оның бар мүлкін мемлекет пайдасына тәркілеуді талап еткен болатын. Талапкердің айтуынша, Назарбаев президент лауазымын атқара отырып, өзінің әрекеті мен әрекетсіздігі арқылы «адамзат өміpiне қауіп төндірді».
Сондықтан, оның сөзінше Назарбаев 30 жыл ішінде сатып алған бар активін қайтаруы керек.
Сіздің реакцияңыз қандай?