Ертең Алматыда тағы да жер сілкіне ме?
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Алматы мен Алматы облысында 6 қарашада жер сілкінісі болады деген хабарламаға жауап берді, — деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай хабарлама ата-аналардың чатында тарап кеткен.
ТЖМ бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомство мәліметінше, алдағы уақыттары Алматы мен Алматы облысында 6 балл жер сілкінісі болады деген болжам жоқ.
ТЖМ тек ресми ақпараттарға сенуді сұрады.
Алматы облысының білім басқармасындағылар да бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, балалар 6 қарашадан бастап офлайн оқиды.
Сіздің реакцияңыз қандай?