Шұғыл: Смайылов үкіметі отставкаға кетті

Премьер-Министр міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

Ақпан 5, 2024 - 16:22
Шұғыл: Смайылов үкіметі отставкаға кетті

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» жарлыққа қол қойды. 

Жарлық мәтінінде былай делінген:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow