Экология және табиғи ресурстар вице-министрі қамауға алынды
Антикор вице-министр Ошурбаевтың тергеліп жатқанын растады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаевты қамауға алды деген ақпарат рас болып шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Антикор Қазақстан экология министрлігінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталғанын растап, арнайы мәлімдеме жасады. Ұсталғандардың арасында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев та бар.
"Астана бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлеріне және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын растаймыз, - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Мансұр Ошурбаев 1988 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жетекші маман болып бастаған.
2010-2014 жылдары ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде әртүрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014-2016 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2016-2017 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары.
2017-2019 жылдары – ҚР Энергетика министрлігі Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы.
2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қалдықтарды басқарудағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры болған еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?