Сегіз айлық қызын аштан өлтірген әйел 1 жылға сотталды

Әйелдің тағы екі баласы бар. Құзырлы органдар екі баланы Екібастұз қалалық білім бөлімінің асыруына өткізіп, әйелді ата-ана құқығынан шектеген.

Мамыр 15, 2024 - 11:16
Мамыр 15, 2024 - 11:16
Сегіз айлық қызын аштан өлтірген әйел 1 жылға сотталды

Екібастұз маңындағы Шідерті ауылының тұрғыны 8 айлық баласын аштан өлтіргені үшін сотталды. Екібастұз қалалық соты оны бір жыл бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.

Соттың ақпаратына сүйенсек, 2023 жылдың 10 қарашасы мен 17 қарашасы аралығында бұл әйел сегіз айлық баласына дұрыс тамақ бермеген. Соның салдарынан бала аштан өлген. Әйелге қатысты «абайсызда адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сотта әйел кінәсін толық мойындап, қатты өкінетінін айтқан және түрмеге қамамау туралы өтініш білдірген. 

«Бұл қылмыс түрі аса ауыр қылмыстар қатарына жатпайды. Заң бойынша бұндай қылмыс жасағандардың бостандығы шектеледі немесе үш жылға дейін қамалады. Әйелдің жеке басындағы жағдайды, отбасының жағдайын ескере отырып, сот оны бір жылға соттады», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Дереккөзіне сүйенсек, әйелдің тағы екі баласы бар. Құзырлы органдар екі баланы Екібастұз қалалық білім бөлімінің асыруына өткізіп, әйелді ата-ана құқығынан шектеген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow