«Америка көрген Шыңғыс Мұқанды да көрдік»: белгілі заңгер Мақсат Толықбайдың Шымкентке орынбасар болып баруына қарсылық білдірді
Бірнеше күннен бері БАҚ беттерінде Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбайдың депутаттық мандатын тапсырып, мемлкеттік қызметке ауысқалы жатқаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Нақты айтар болсақ, жақын күндері Толықбай мырза Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалуы мүмкін.
Тіптен кейбір блогерлер де сүйінші сұрап үлгеріпті. Facebook белсендісі, шымкенттік блогер Олжас Мамырдың «Шымкент қаласы әкімінің жаңа орынбасары Мақсат Толықбай болуға әбден лайықты. Себебі лайықты санайтындар көп», - деп жазғанын байқадық Сол секілді тағы бір журналист-блогердің «Шымкент әкімінің орынбасары - Мақсат Толықбай. Әріптесімізге саясатта ақ жол тілейміз. Әйтпесе соңғы жылдары Шымкентте әкім болған да, зам болған да оңбады», - деп жазғанын байқадық.
Мақсат Толықбай Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол 2023 жылы "Аманат" партиясының атынан Мәжілісте депутат болды. Оған дейін ол телевизия саласында қызметін атқарған.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек бұл сыбыс туралы пікір білдіріп, Мақсат Толықбайды идеолог ретінде әкелу өте үлкен қателік екенін айтқан. Айтуынша, Шымкентке дәл қазіргі уақытта ақыл айтатын адам емес, шаруашылықтың адамы керек.
«Шымкенттің «Ш» деген әріпінен басқа ештеңе білмейтін Мақсат Толықбайды идеолог ретінде әкелу өте үлкен қателік!
Бізде бір емес қәзір екі идеолог отыр.
Асылов Қуаныш пен Сәрсен Құранбек екеуіде өз салаларының маманы.
Мақсат өзіңді жеке танимын, сыйлаймын, бірақ Шымкент жәй келіп отырып кететін жер емес!
Дәл қәзір Шымкентке идеолог емес, көлік, жолдарды реттейтін, коммуналдық шаруашылыққа ие болатын, құрылыс, жер мәселелерін қолға алатын адам керек!
Ол адам осы жергілікті жердің қыр сырын жақсы білу керек! Біреудің өсегімен жүретін адамдардан Шымкент тұрғындары шаршады!
Ендігі келетін адам мына тозығы шыққан қаланы халықпен ашық жұмыс істей отырып реттеу керек!
Ол үшін ол идиолог емес, шаруа адамы болу керек!
Ғабит Сыздықбеков!
Әдемі сөйлеген беті жылтырағандарды әкеле бермей, қолынан іс келетін адамдарды тарту керек!
Америка көрген Шыңғыс Мұқанды да көрдік. Кітап аударғаннан басқа ешнәрсе бітірген жоқ.
Мақсат Толықбай сен әрине ренжіме, Шымкент қаласы Әйтеновтен кейін әлі ес жия алмай жатыр, - дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
Сіздің реакцияңыз қандай?