«Сәттілік тілеп қойыңыздар»: Қазақфильмнен кеткен Сатыбалды елден де кеткенін мәлімдеді

Актер шығармашылығындағы өзгерістерді әлеуметтік желі арқылы жарияға жар салды.

Тамыз 1, 2024 - 17:34
Тамыз 1, 2024 - 17:35
«Сәттілік тілеп қойыңыздар»: Қазақфильмнен кеткен Сатыбалды елден де кеткенін мәлімдеді
Фото: instagram.com/azamatc

«Қазақфильм» киностудиясының басшы қызметінен кеткен Азамат Сатыбалды ел күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.  

Актер шығармашылығындағы өзгерістерді әлеуметтік желі арқылы жарияға жар салды.

«Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар! Қазақ-қытай киносын түсіруге бара жатармыз. Дорама мен азиялық киноны ұнататын жандардың назарына, бізді алда әлі бірнеше киножоба күтіп тұр»,  – деп жазды актер.

Еске салсақ, Азамат Сатыбалды  күні кеше «Қазақфильм» АҚ басшылығы қызметінен кеткенін айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow