Сатыбалдының үкімі Назарбаев әулеті қалай жазаланғанын көрсетті - саясаттанушы

Тамыз 20, 2024 - 17:12
Тамыз 20, 2024 - 17:13
Сатыбалдының үкімі Назарбаев әулеті қалай жазаланғанын көрсетті - саясаттанушы
Фото: видеодан кадр

Саясаттанушы Димаш Әлжанов Қайрат Сатыбалдыға қатысты шыққан жаңа үкім туралы ойын айтты, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы Dalanews.kz сайтына сілтеп.

Әлжановтың сөзінше, Сатыбалды үкімі өзгергеннен кейін мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін. 

"Бұл жерде әңгіме мемлекетке ақшаларды қайтаруында емес. Мұнда келісімге келіп, активтерін тартып алу арқылы жүйе ішіндегі қарсыластарды әлсірету мәселесі тұруы мүмкін. Қаңтардан кейін Тоқаевтың алдында тараптарға зиян келтіріп, жалпы қарсыласуға бармай-ақ өз билігін тұрақтандыру міндеті тұрды. Себебі жүйедегі адамдардың жасыратыны бар және бір-біріне қарсы қолданатын нәрсесі бар. Сондықтан экс-президенттің немере інілеріне және олардың айналасындағы адамдарға қатысты ашық тергеу жүргізілген жоқ. Ал Сатыбалды жасаған қылмыс тек экономикалық сипатта болған.

Сатыбалдының үкіміне қарап "әулет" қаржы жағынан жазаланғанын, ал олардың өз орталарындағы сенім азая түскенін байқауға болады", - дейді Әлжанов Ras aitamyn-ға берген сұхбатында.  

Еске салайық,Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот үкімі өзгерген болатын. 16 тамызда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының жазасын шектеу шарасына ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow