Санкт-Петербургтегі жарылыстан 7 адам зардап шекті
Санкт-Петербургте Буденный атындағы әскери байланыс академиясының аумағында 17 мамыр күні кешке жарылыс болды. Алғашқы мәліметтер бойынша, бұған дрон шабуылы себеп болуы мүмкін. Тағы бір нұсқа - оқу оқ-дәрілері жарылған.
«Бумага» басылымы сол маңайдағы тұрғындардың сөзімен жарылыс ғимараттың ішінде болды деп мәлімдейді. БАҚ-ның жазуынша, зардап шеккендер саны жетеу, олардың екеуі ауыр хәлде. Тағы бірі реанимацияда жатыр.
Ленинград әскери округінің өкілдері жарылыстың себебі «Екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі 76 мм оқ-дәрілер өзінен-өзі жарылды», дейді. Ол академия ғимараттарының бірінің жертөлесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жарылған.
Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов «Буденный атындағы байланыс академиясында болған жайт Қорғаныс министрлігінің жауапкершілік аймағында және бұл оқиға террористік сипатта жатпайды», деп мәлімдеді.
Сіздің реакцияңыз қандай?