«Қайғылы композиция, мұңды би, қорқынышты көйлек»: Отандық және шетелдік жұлдыздар Салтанатты еске алып флешмоб өткізуде

Сәуір 8, 2024 - 16:40
Сәуір 8, 2024 - 17:53
«Қайғылы композиция, мұңды би, қорқынышты көйлек»: Отандық және шетелдік жұлдыздар Салтанатты еске алып флешмоб өткізуде

Отандық және шетелдік танымал жұлдыздар марқұм Салтанат Нүкенова мен оның туыстарын қолдап, өз позицияларын түрлі жолмен білдіріп жатыр. Марқұмның құрметіне виолончелист Бағжан Октябрь, әнші Монеточка, актриса Динара Бақтыбаева және әзілкеш Ариана Лолаева түрлі бейнероликтер жазған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың соты тек Қазақстанда ғана емес, басқа шет елдерде де қызу талқыланып жатқан оқиғалардың бірі болды. Естеріңізге сала кетейік, Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталуда. Марқұм мен оның жақындарын қолдау мақсатында желіде мыңдаған интернет қолданушылары «Салтанат үшін» флешмобын бастап кетті. Бұл трендке танымал тұлғалар да қосылған.

Виолончелист Бағжан Октябрь өзінің Instagram парақшасында әсерлі бейне жариялады. Бейнероликте ақ костюм киген музыкант қайғылы композиция орындайды, ал фонда Салтанаттың кадрлары бар бейне ойнатылады.

Ресейлік әнші Монеточка (Элизабет Гырдымова) рэпер Noize MC-мен бірге жазылған «Чайлдфри» әнінің мотивімен тик-токта бейне жазды. Видеода әнші Салтанатты және зорлық-зомбылыққа тап болған барлық қыздарды қолдайды.

«Мен биімді осы әдемі арфаның сүйемелдеуімен Салтанат күйеуін «соған жеткізді», деп жазатындардың барлығына арнадым. Мен бірде-бір қыз бұған лайық емес екенін еске салғым келеді. Кез келген елде, кез келген отбасында, кез келген мінезі бар әйел бұған лайық емес!», деп жазды ол.

Ал Францияның Париж қаласында «Салтанат үшін» атты сән көрсетілімі өтті. Киім брендінің негізін қалаушы, қазақстандық Зарина Ақшолакова өзінің Instagram парақшасында Париждегі сән көрсетілімінен бейне жариялады. Кадрларда модель подиумнан ер адамның көлемді көйлегімен жүріп өтеді.

«Үлкен, алып көйлек. Бұл көйлек бүгінде Қазақстанда болып жатқан оқиғалар, қорқынышты оқиғалар туралы», деп жазылған видеода.

Ал Италия мен Германия елінде Нүкенованы қолдау мақсатында бейбіт митинг өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow