Русь мемлекеті Ордаға салық төлеп тұрған – Владимир Путин

Ресей Президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонға сұхбат берді.

Ақпан 10, 2024 - 11:53
Русь мемлекеті Ордаға салық төлеп тұрған – Владимир Путин

РФ Президенті Ресейдің құрылу тарихына кеңінен тоқтала келе Русьтің Ордаға салық төлеп тұрғанын мойындайды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«…Мұның бәрі біріге бастаған біртұтас мемлекеттің — Русьтің ыдырауына алып келді. Мұнда тұрған айрықша ештеңе жоқ, дәл осындай жайт Еуропада да болды. Бірақ ыдыраған Русь мемлекеті кезінде Шыңғыс хан құрған империяның оңай жемтігіне айналды. Оның мұрагері Батый хан Русьқа келіп, іс жүзінде бүкіл қаланы тонады, ойрандады. Киев, өзге де бірнеше қала орналасқан оңтүстік бөлігі дербестігін жоғалтып алса, солтүстік қалалар егемендігінің бір бөлігін сақтап қалды. Ордаға салық төлеп тұрды. Дегенмен, егемендігін жартылай сақтай алды», — деді Владимир Путин.

 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow