Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға көшуді жоспарлап отыр - Әсет Матаев 

Қараша 6, 2023 - 13:13
Қараша 7, 2023 - 12:22
Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға көшуді жоспарлап отыр - Әсет Матаев 

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мүлкі дүние жүзінде сатылып жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia журналист Әсет Матаевтың жазбасына сілтеме жасай отырып.

 «Дереккөздер бойынша, «Қазақмыс» компаниясы Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа экономикалық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, ақпарат көздері Назарбаевтың Алматыға көшуді ойлап жатқанын, ал оның консильері Абай Бисембаевтың көптеген жылжымайтын мүліктерін сатып жатқанын хабарлайды», - деп жазды Әсет Матаев. 

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Болат Назарбаев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың бірге түскен отбасылық суреті пайда болғанын жазған еді. Әсет Матаев бұл сурет шамамен 1,5 ай бұрын Болат Назарбаевтың үйінде түсірілген дейді.

"Дереккөздердің айтуынша, бұл сурет бір жарым ай бұрын түсірілген. 45 келі салмаққа дейін жүдеген Болат Назарбаевтың сөйлеуі нашарлаған. Жақында Болат Назарбаевтың инфаркт алғаны туралы ақпарат пайда болды», - дейді Матаев.

Бұрынғы президент күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі Comlux әуе компаниясының Airbus A320 NEO VIP ұшағында ұшқан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow