Екі спортшымыз Азия пара ойындарында алтын медаль алды

Қазан 23, 2023 - 15:40
Қазан 23, 2023 - 15:42
Екі спортшымыз Азия пара ойындарында алтын медаль алды
Екі спортшымыз Азия пара ойындарында алтын медаль алды
Екі спортшымыз Азия пара ойындарында алтын медаль алды

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев пен пара дзюдошы Ақмарал Науатбек IV Азия пара ойындарының чемпиондары атанды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

54 кг салмақ дәрежесінде бақ сынаған Давид Дегтярев 187 кг шойынды көтеріп, алдын жүлдеге ие болды. Екінші орынды иеленген қытайлық спортшы 185 кг салмақты, ал үшінші орын алған вьетнамдық спортшы 184 кг көтерді.

Ал, пара дзюдодан J2 cанаты бойынша 48 келі салмақта өнер көрсеткен Ақмарал Науатбек ақтық сында Қытай спортшысы Ли Личиннен басым түсті.

«Жеңіс оңай келмейді, бірақ бүгін Ақмарал жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Мен Ақмаралды жарқын жеңісімен құттықтаймын және боз кілемдегі еңбегі үшін алғыс айтамын», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пара дзюдошыны құттықтай отырып.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow