Ресейде теракт жасамақ болғандар Қазақстанда жарылыс жасауды жоспарлаған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның елге келуі қарсаңында Қазақстанда лаңкестік әрекеттер жасауы тиіс болған.
Ресейде теракт жасамақ болып, көзі жойылған қазақстандықтар туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Бараева" телеграм арнасының мәліметінше, Қазақстанның ҰҚК-і мен ресейлік ФСБ Ресейдің Калуга облысы аумағында Қазақстан азаматтарының лаңкестік әрекетін дайындағанын бірлесіп тергеп жатыр.
"Қазақстанда тыйым салынған "Ислам мемлекеті" ұйымының "Вилаят Хорасан" тобының діни фанаттары бірқатар терактті ұйымдастыра алмай, қазақстандық және ресейлік тарапты қырылыстырып қойды. Бұл қылмыстың ұлты болмаған кездегі жағдай. Дәл осы көзі жойылған лаңкестер өз отандастарын да өлтіруі мүмкін еді.
Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның елге келуі қарсаңында Қазақстанда қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында Қазақстанда да лаңкестік әрекеттердің кезекті сериясы болуы керек болған", - делінген телеграм арнада.
Бұған дейін Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресейде екі қазақстандық теракт ұйымдастырмақ болғанын, екеуі де мерт болғанын хабарлаған еді. БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат тараған болатын. ҰҚК бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы барын және Ресейге шыққандығын растады.
Бұл дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіле бастаған.
Сіздің реакцияңыз қандай?