Ресейде қауіпсіздік қызметі терракт жасамақ болды деген күдікпен Қазақстан азаматтарын атып тастады (ВИДЕО)

Атыс Коряков ауылында болған. Салдарынан қос Қазақстан азаматы – 35 жастағы Сәбит А. мен 32 жастағы Жәнібек Т. мерт болды. Олар Ресейге 28 ақпанда келді деген ақпарат бар.

Наурыз 9, 2024 - 10:00
Наурыз 9, 2024 - 10:10
Ресейде қауіпсіздік қызметі терракт жасамақ болды деген күдікпен Қазақстан азаматтарын атып тастады (ВИДЕО)

Ресейлік федералды қауіпсіздік қызметі Мәскеудегі синагогаға жасалатын шабуылдың алдын алғанын мәлімдеді. Атыс кезінде Қазақстанның екі азаматы көз жұмған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Ресей қауіпсіздік қызметінің мәліметіне сәйкес, "Вилаят Хорасан" ұйымының екі мүшесі теракт жасауды жоспарлаған. Мәскеудегі синагогаға шабуыл жасалатынын федералды қауіпсіздік қызметінің жедел қызметкерлері анықтаған. Ал теракт жасамақ болғандар Калужск облысындағы жеке үйлердің бірінде болыпты. Дегенмен тұтқындамақ болғанда күдіктілер қарсылық танытқан. Сондықтан қауіпсіздік қызметі оларға қарсы оқ атыпты. 

Astra дерегіне сәйкес ФҚБ мен күдіктілер арасындағы атыс 7 наурызда таңертең Коряков ауылында болған. Салдарынан қос Қазақстан азаматы – 35 жастағы Сәбит А. мен 32 жастағы Жәнібек Т. мерт болды. Олар Ресейге 28 ақпанда келді деген ақпарат бар. 

Тінту кезінде үйден Макаров тапаншасы, Калашников авоматы мен жарылғыш зат жасауға арналған жабдықтар табылған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow