«Жүрек тұсына тиген»: Алматыда дзюдоист Дамир Исахановты пышақтап кетті

Қазан 1, 2024 - 15:50
Қазан 1, 2024 - 16:53
«Жүрек тұсына тиген»: Алматыда дзюдоист Дамир Исахановты пышақтап кетті

Дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановтың Алматыда тапа-тал түсте пышақтап кетті, деп хабарлайды Orda.kz.  

EGOV.PRESS телеграм-арнасының мәліметіне қарасақ, спортшыға топ болып шабуыл жасаған, «пышақтардың бірі Исахановтың жүрек тұсына тиген, бірақ дзюдоист аман қалды».  

«Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow