«Райымбек Баталовтың көңілдесісің бе?»: Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар табылды

Соңында Нүкенова “дәлел-дәйекті қажет етіп тұрсың ба? Кетші” дейді.

Сәуір 22, 2024 - 15:55
Сәуір 22, 2024 - 15:56
«Райымбек Баталовтың көңілдесісің бе?»: Бишімбаевтың телефонынан Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар табылды
Фото: Жоғарғы сот

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев телефонының құпиясөзін айтты. Оның телефонында марқұм Салтанат Нүкенованы айыпталушы мәжбүрлеп, сұрақтың астына алған видеолар көрсетіліп жатыр, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Видеода марқұм Салтанат Нүкенова жерден бірдеңе іздеп жатыр. Қуандық Бишімбаев оған “ізде” деп айқайлап, боқтық сөздер айтып жатыр. Айыпталушы бұл видеоны түсіргені есінде жоқ екенін айтады. 12 видео 8-9 қарашада түсірілген. Көлікте, далада түсірген екен.

Судьяның айтуынша, видеода Нүкенова күртеше киген, ал ішінде ештеңе жоқ. Бишімбаев әйелін балағаттап, қайта-қайта "Райымбек Баталовпен төсектес болдың ба?" деп сұрақтың астына алды. Соңғы видеода сұрақтан мезі болған Нүкенова "Иә" дейді.

Судья жәбірленушілердің бұл видеоны көрмеуі тиіс екенін айтты.

"Дәретханаға бармайсың, жоқ саған дәретхана, қарғыс атқыр. Ізде" дейді тағы бір видеода.

Бишімбаев: Сен онымен жаттың ба? Райымбекпен?
Салтанат: Иә
Бишімбай: Көңілдесі болдың ба? "Онымен жыныстық қатынасқа түстің бе? Не үшін? Ақша керек болды ма?
Салтанат: Жоқ

Бишімбаев: Тағы да айт, мен онымен төсектес болдым де. Мойында

Бұл жерде Бишімбаев судьяға "Бұл монтаж болуы мүмкін, телефонды ашып, бәрін жүктеп алған шығар" дейді.

Судья тағы бір видеода "Салтанат жалаңаш денесінің үстіне күртеше ғана киіп алған", "Жәбірленуші қанды көйлекті көрсетіп тұр" деп атап өтті.

Бишімбаев: Райымбектің көңілдесі, басыңды көтер

Тағы да бірнеше видеода осы сөзді қайталап, сұрауын қоймайды.

Соңында Нүкенова “дәлел-дәйекті қажет етіп тұрсың ба? Кетші” дейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow