«Өзіңді қалай өлтірем десең, еркің өзіңде» - вейпке қарсы петиция авторы

Өзіңді қалай өлтірем десең, еркің өзіңде. Вейп шегіп өлтіре ме, есірткі шегіп өлтіре ме, әлде секіріп өле ме оған тоқтау сала алмаймыз. Бірақ біз балаларды қорғауға міндеттіміз.

Маусым 27, 2024 - 21:38
Маусым 27, 2024 - 21:40
«Өзіңді қалай өлтірем десең, еркің өзіңде» - вейпке қарсы петиция авторы

Елімізде ресми түрде электронды темекі, вейп саудасына тыйым салынды. Сатқандар жазаға тартылады. Расы керек, бұл бастама қоғам арасында үлкен қолдау тапты деуге болады. Жобаны қолға алушылардың айтуынша, бұл күнге жетуге оңай болмаған. Бұл туралы  «Sadaq» медиа жобасының  БІЗ подкасында берген сұхбатында Аналар кеңесі төрағасының орынбасары әрі петиция авторы Баян Ахатай айтты, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша,кейбір адамдар вейпке қарсы қозғалыс ұйымдастырушыларды темекі өндірушілердің сыбайластары деп қаралаған. Өзіміз білеміз не шегуді ешкімнен сұрамаймыз деп қарсылық білдірген.

Баян Ахатайдың айтуынша, темекі мен вейптің еш айырмасы жоқ. Екеуінің де апаратын жері бір. Денсаулықты жоғалту, өлімге алып барады.

"Елуінші қабаттан секірдің не, әлде қырқыншы қабаттан секірдің бе бәрібір ғой ғой.  Өзіңді қалай өлтірем десең еркің өзіңде. Вейп шегіп өлтіре ме, есірткі шегіп өлтіре ме, әлде секіріп өле ме оған тоқтау сала алмаймыз. Бірақ біз балаларды қорғауға міндеттіміз. Халық саны да онша көп емес. Саннан сапаға жететін деңгейге де әлі жете қойған жоқпыз. Осы себепті арнайы петиция ұйымдастырып, вейпке қарсы қозғалыс құрдық", - дейді Баян Ахатай.

Подкаста вейпке қарсы тыйымның арты не болмақ, вейптің халық саулығына келтірер зияны қандай, елсіздік пен бедеулік көбеюінің бір себебі осы болуы мүмкін бе, тағы қандай ағзаларды зақымдайды, салдары қандай, ми жұмысына кері әсері секілді жайттар талқыланған. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow