Үржарда мұс астына кеткен бүлдіршіннің денесі табылды

Желтоқсан 22, 2023 - 18:06
Үржарда мұс астына кеткен бүлдіршіннің денесі табылды
Сурет әлеуметтік желіден алынды

Абай облысы Үржар ауданында мұз астына түсіп кеткен бес жасар бүлдіршіннің денесі табылды, деп хабарлайды sadaqmedia. 

Айта кетейік, бүгін, 22 желтоқсан күні түс кезінде Таскескен ауылының учаскелік полициясы Үржар аудандық полиция бөлімшесіне телефон соғып, оқиғаны баяндаған. 

Белгілі болғандай, бес жастағы екі ұл ауыл шетіндегі Қаракөл өзенінің үстінде ойнап жүрген. Алайда, өзеннің суы әбден қатпаған көрінеді. Екі баланың біреуін мұз көтермей, ол суға батып кеткен.

Ауыл тұрғындары үш сағат іздеп, баланың денесін өзі құлаған аумақтан 75 метр жерден тапқан. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow