«Ең кішісі бір жарым жаста»: Павлоларда 3 бала этанолдан уланып қалған
Павлодарда бір жарым жасар қыз бен 2 жастағы ұлдар дәрі мен этанолдан уланды, деп хабарлайды Orda.kz.
Үш жағдайдың бір-бірімен байланысы жоқ. Бірақ үшеуі де бір күнде болған.
"Бірінші жағдайда бір жарым жасар қыз этанолмен уланған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қалған екі жағдайда 2022 жылғы ұлдар дәрі-дәрмекпен жеңіл дәрежеде уланған. Оларға алғашқы көмек көрсетілгенде, ата-аналары ауруханаға жатқызудан бас тартты" деп мәлімдеді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.
Сіздің реакцияңыз қандай?