Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға түсті
Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"Ішек инфекциясы" диагнозымен 36 сарбаз жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдай орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Теміртауда орналасқан 5516 бөлімнің әскери қызметкерлері жаппай ауруханаға жатқызылғаны туралы жазба пайда болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?