«Қапқа оранбайтын қазақ едік»: Хиджаб сататын дүкендер неге қаптап кетті?
Қоғам белсендісі, журналист Дина Имамбай әлеуметтік желіде маңызды мәселе көтерді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. Ол бұл туралы жазбасын facebook желісіне жариялады.
Жазбасында ол кітап сататын дүкеннің бірінде діни бағыттағы киім дүкендерінің шектен тыс көп екендігін жазған.
«Біз зайырлы елміз бе, діни елміз бе? Мына масқара үрдіске тыйым салмаса болмайды. Момышұлы-Жұбанов көшесіндегі кітап дүкеніне келіп едім, хиджаб сататын бутиктер жаулап алыпты. Бір қабаттың бірнеше бөлмесінде самсып тұрған кітаптар жоқ, бір бөлмеге сығылысыпты. Хиджаб пен діни киімнің неше түрі сатылып жатыр, дүкенші қыз-келіншектің бәрі оранған. Бір қабатта 7-8 бутик толы діни киім. Демек, сұраныс бар, жарнама күшті. Байқасаңыздар, биыл қара қап киіп, оранғандардың саны еселеп көбейді, айналада екі қыз-келіншектің бірі оранған. Өзге елдің ұлттық киімін еркін сатудың ар жағында жат діни ағымдарды насихаттау мүддесі тұрғаны бес жастағы балаға да аян. Қапқа да оранбай, жартылай жалаңаштанбай да орта тұсты ұстанатын қазақ едік, не боп кеттік»,- деп жазды ол.
Сіздің реакцияңыз қандай?