Иран президенті Ибрагим Раисидің денесі ертең жер қойнына тапсырылады

Қоштасу рәсіміне Қазақстан атынан Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ұшып кетті.

Мамыр 22, 2024 - 17:55
Мамыр 22, 2024 - 18:00
Иран президенті Ибрагим Раисидің денесі ертең жер қойнына тапсырылады

Иран астанасы Тегеранда президент Ибрахим Раисимен қоштасу рәсімі өтті. Мұндай рәсім Иранның Тебриз, Құм және Бирджанд шаһарларында өткені белгілі. Иран президентімен қоштасу рәсіміне ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Хания мен «Хезболла» басшысының орынбасары қатысқан, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Президенттің денесі ертең Иран басшысының туған жері, Мешхед қаласында жерленбек.  

Иран президенті Ибрагим Раисиді жерлеу рәсіміне Тәжікстаннан президент Рахмон мен Армения премьер-министрі Пашинян қатысады деген ақпарат шықты. Кейбір мемлекеттер қоштасу рәсіміне премьер министр, Парламент спикерлері немесе Сыртқы істер министрлерін жіберуде. Қоштасу рәсіміне Қазақстан атынан Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов ұшып кетті.

Кейбір шетелдік басылымдар Иран билігі тікұшақ апатынан қаза тапқан президентті жерлеу рәсіміне Реcей басшысы Путинді  шақырмағанын жазып жатыр. Unian агенттігінің мәлімеінше, Иран тарапы ұшақ апатын тергеуге ресейлік барлау қызметтерін тартпауды сұраған. Сондай-ақ, жерлеу рәсіміне Ресей президенті Путиннің шақырылмағанын жазған. Путиннің жерлеу рәсіміне бармайтынын Песков та растаған.

«Олардың дәстүрлері жерлеуге халықаралық қатысуды қарастырмайды», - деп мәлімдеді Ресей билеушісі Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа берген түсініктемесінде.

Президенттің қазасына қазасына орай Иранда 5 күн бойы аза тұту күні жарияланып, қара ту көтерілді. «Иран президентінің қазасына байланысты Түркияда бір күнге қаралы күн жарияланып отыр. Сол секілді Тәжікстан, Ирак, Пәкістан, Ливан, Сирия, Шри-Ланка елдері де қаралы күн жариялауда.

Естеріңізге салсақ, Иран президенті мінген тікұшақ Шығыс Әзірбайжан провинциясының тауларында (әкімшілік орталығы – Табриз), Әзірбайжанның Нахичеван Автономиялық Республикасымен шекарада орналасқан Джульфа қаласының маңында Тегераннан солтүстік-батысқа қарай 600 шақырым жерде апатқа ұшырады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow