«Прокурордың баласы өлсінші, сол күні-ақ дүкенге келгендердің бәрі қамалар еді» – Заңгер
Өкінішке қарай, өлген бала прокурордың баласы емес, жәй қарапайым адамның баласы! Ал бізде жәй адамдардың құны қалмағаны соншалықты, көшедегі қаңғып жүрген иттердің құқығы жоғары қорғалады!
Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Талғардағы 16 жастағы жасөспірімнің ісіне қатысты пікір білдірді. Оның пайымдауынша, баланың ата-анасының қазіргі талаптары орынды, Қылмыскерлердің бұлай талтаңдап тайраңдауына сыбайласқан жемқорлар кінәлі.
«Талғарда 16 жасар қайтқан баланың ата-ана, туыстарының талабы орынды! Себебі бізде тергеуге, заңдылықты қадағалаушы орган прокуратураға сенім қалмады! Тоқсаншы жылдар қайта келген сияқты, рейдерлік басып алу, бопсалау, ұрып соғу, атып кету, өлтіріп кету көбейіп кетті. Жазасын алмаған қылмыскер, тағыда қылмыс жасайды!
Кеше ғана бұзақылық жасап, жазасын толық өтемей шыққан жігіттер қайта қылмыс жасап адам өлтірді! Бұл жолы жалғыз емес, топ болып жасады. Жазықсыз қалатын хайуандардың іс-әрекетін видеодан көрдім! Жыртқыш аңдар бұндай қатыгез емес, Адамнан асқан жыртқыш аң жоқ шығар. Қылмыскерлердің бұлай талтаңдап тайраңдауына сыбайласқан жемқорлар кінәлі.
«Біреуің арқалап кетіңдер, қалғандарына обал болмасын», деп ақшамен шешіп жіберетін пагондағылар кінәлі! «Шешіп жіберейік» деген түсінікті жоймай, бізде қылмыс азаймайды! Сол дүкенде бір прокурордың баласы өлсінші, сол күні дүкенге келгендердің бәрі жаппай қамалар еді. Өкінішке қарай, өлген бала прокурордың баласы емес, жәй қарапайым адамның баласы! Ал бізде жәй адамдардың құны қалмағаны соншалықты, көшедегі қаңғып жүрген иттердің құқығы жоғары қорғалады! Қайғыдан қан жұтып отырған отбасыға көңіл айтамын!», -дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.
<iframe src="https://www.facebook.com/plugins/post.php?href=https%3A%2F%2Fwww.facebook.com%2Fpermalink.php%3Fstory_fbid%3Dpfbid07KBjbvBvMoGtgUfd8dAnbSWXxNmm7KFBvwXe8A6EqhNHm89NMLJCcLHnbJbxamWTl%26id%3D100007981087790&show_text=true&width=500" width="500" height="250" style="border:none;overflow:hidden" scrolling="no" frameborder="0" allowfullscreen="true" allow="autoplay; clipboard-write; encrypted-media; picture-in-picture; web-share"></iframe>
Сіздің реакцияңыз қандай?