«Иығы сынған»: Балабақшада үш қабатты кереует баланың үстіне құлап кетті
Павлодардағы жекеменшік балабақшалардың бірінде үш қабатты кереует 2 жасар баланың үстіне құлап кетті. Бұл туралы 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.
Оқыс жағдай ақпан айында болған. Төсектің баланың үстіне құлаған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан үш бүлдіршіннің кереуетке шығуға талпынып жатқанын көруге болады. Сол кезде тербеліп тұрған төсек баланың үстіне құлап кеткен. Жиһаздың астында қалған бүлдіршіннің иығы сынған.
Тәрбиеші ойыншықтарды жинап жүріп, балаларды назардан тыс қалдырған. Сорақысы, мекеме қызметкерлері болған жағдай туралы баланың ата-анасына ештеңе айтпаған. Анасы ұлының жарақаты туралы кездейсоқ білген. Сөйтіп полицияға шағым түсірген.
«Мен әдеттегідей баламды алып кетуге келдім. Бірақ бала мазасызданып тұрды, қолын ұстатқызбады. Тәрбиеші бәрі дұрыс екенін айтты. Мен баламның иығы сынады деп ойламадым. Кейін тәрбиеші баланың үстіне төсек құлап кеткенін, ал директор ештеңе айтпайға бұйрық бергенін мойындады», дейді баланың анасы.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасының өкілдерінің айтуынша, міндетін тиісінше атқармаған тәрбиешінің мәселесі сотта қаралады. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?