«Бір алтын әкелсең, тыныш жүр, уағызыңды айтпай»: Танымал журналист Елдос Сметовті сынады

Тамыз 9, 2024 - 16:28
Тамыз 9, 2024 - 16:46
«Бір алтын әкелсең, тыныш жүр, уағызыңды айтпай»: Танымал журналист Елдос Сметовті сынады

Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ еліне Париж Олимпиадасында дзюдодан алғашқы алтын жүлде сыйлаған Елдос Сметовті сынап, жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол спортшыға елдің алдында жүргендіктен, жастардың санасын дінмен «уламауға» шақырды. 

«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым!

Менің міндетім – Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу! Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін!

Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр, уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!»,- деп жазды ол. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow