Павлодарда мектеп оқушылары құрт, тарақан қосылған тамақ жеп келген

Өңірде 16 мектеп тексеріліп жатыр.

Наурыз 7, 2024 - 09:57
Наурыз 7, 2024 - 10:00
Павлодарда мектеп оқушылары құрт, тарақан қосылған тамақ жеп келген

Павлодардағы мектеп асханаларында тамақтан құрт пен тарақан шыққан. Арыз көбейіп, шағым артқан соң асхананы жалға алатын 5 кәсіпкерге 1 млн теңге шамасында айыппұл тағылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кету керек, бұл жағдай бірінші рет емес екен. Айыпталған азаматтар бұған дейін де бірнеше рет санитарлық талапты бұзған. Қазір өңірде ведомствоаралық сараптамалық топ жасақталып, 16 мектеп тексеріліп жатыр. Сондай-ақ тамақты сапасыз дайындаған кәсіпкерлермен қоса, білім ошақтарының басшылары да жауапкершілік арқаламақ.

"Білім беру бөлімі мен 4 мектеп директорына тәртіптік жаза қолданылды. Негізгі мақсат –  айыппұл салу емес. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу", – деді қалалық Білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow