«Гонорары 10 млн теңге»: Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты концертке шақырды

Негізгі сома әншілерге жұмсалады.

Наурыз 13, 2024 - 14:14
Наурыз 13, 2024 - 16:20
«Гонорары 10 млн теңге»: Павлодар әкімдігі Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты концертке шақырды
Коллаж: dalanews.kz

Павлодар қаласының әкімдігі Наурыз мерекесін тойлауға танымал әншілер Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақырғалы жатқаны туралы ақпарат тарады. Ең қызығы - оларға қала әкімдігі бюджетінен айтарлықтай ақша бөлінетіні. Бұл туралы жергілікті "Наша жизнь" басылымы жазды, деп хабарлады Dalanews.kz. 

Мерекелік концерт 22 наурызда Орталық алаңда өтеді деп жоспарланыпты. Ал жұлдыздарға гонорар ретінде қала бюджетінен жалпы 10 миллион теңге бөлінеді екен.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Павлодар әкімі орынбасары Светлана Гладышева мәлімдепті.

"Негізгі сома, әрине, біздің жұлдыздарға кетті. Біз Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртасты шақыру өте қымбат екенін түсінеміз. Олардың жалпы гонорары - шамамен 10 миллион теңге", - деп келтірді басылым Светлана Гладышеваның сөзін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow