Қарағанды облысында шахтада кенші қаза тапты

Оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді.

Наурыз 12, 2024 - 12:40
Наурыз 12, 2024 - 12:41
Қарағанды облысында шахтада кенші қаза тапты
фото: kazinform

Қарағанды облысындағы «Саран» шахтасында 43 жастағы кенші көз жұмды. Ол құрылғыны монтаждау кезінде ауыр жарақат алып, салдарынан қайтыс болған, деп хабарлайды Sadagmedia.kz.

«Qarmet» баспасөз қызметі хабарлағандай, осы жылдың 12 наурызы күні түнде компанияның Көмір департаментіне қарасты «Саран» шахтасында монтаждау жұмысының арнайы жабдықты жөндеу кезінде 1980 жылы туған тау-кен жұмысшысы жарақат алып, соның салдарынан қаза тапқанын хабарлады.

«Жұмыс ZY7200-13/30 секциясын құрастыру және монтаждау жөніндегі жобасына сәйкес болды, ол кезде қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқау берілген. Болған жазатайым оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, жабдықты бекіту болты үзіліп кеткен», - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow