Оралда анасы қызын сотқа берді

Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

Маусым 9, 2024 - 14:15
Маусым 9, 2024 - 14:18
Оралда анасы қызын сотқа берді
Фото: Pixabay

Оралда анасы өзіне қорлайтын, балағат сөздер айтқаны үшін қызын сотқа берді,  - деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Оқиға барысында екеуі де үйде болған. Қызы, өз анасына құрметсіздік танытып, оған қарсы қорлайтын балағат сөздер айтқан. Ал анасы қызының үстінен арыз жазған.

Кейін сотталушы өз кінәсін мойындап, соттан анасымен татуласуына байланысты істі тоқтатуды сұрады.

“Жәбірленуші хаттамада айтылғандарды растады. Оны полицейлер арыздар негізінде қарады. Әйел қызын кешіріп, одан енді мұндай оқиғалардың қайталанбайтынына уәде алған”, – делінген хабарламада.

Олар  татуласқандықтан сот тараптар арасындағы бейбіт келісімді мақұлдады. Іс жабылып, анасын қорлаған қызы жауапкершіліктен босатылды. Қаулы заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow